Тақырыбы: Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары. Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстарының негізгі түрлері. Перифериялық қан айналымының бұзылыстарының белгілері icon

Тақырыбы: Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары. Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстарының негізгі түрлері. Перифериялық қан айналымының бұзылыстарының белгілері




Скачати 80.18 Kb.
НазваТақырыбы: Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары. Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстарының негізгі түрлері. Перифериялық қан айналымының бұзылыстарының белгілері
Дата конвертації29.03.2013
Розмір80.18 Kb.
ТипДокументи

Тақырыбы: Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары. Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстарының негізгі түрлері.

Перифериялық қан айналымының бұзылыстарының белгілері

(Воронин В.В., Г.И. Мчеднишвили)

Белгісі

Артериалды гиперемия

Ишемия

Жергілікті қан стазы

Венозды қанның тоқтауы

Тамырлар жағдайы

Артерия дилатациясы, капиллярлар және веналардың екіншілік кеңуі

Артериялардың бітелуі немесе тарылуының нәтижесінде капиллярлар және веналардың тарылуы

Микрососудтардың кейбір кеңеюі, стазы

Кері қайтушы веналардың бітелуі немесе қысылуынан капиллярлар және веналардың кеңеюі

Өтетін қан көлемі

Көбейеді

Азаяды

Жоқ

Азаяды

Қанның ағу жылдамдығы

Сызықтық, көлемдік жылдамдығының көбеюі

Сызықтық, көлемдік жылдамдығының азаюы

Жоқ

Сызықтық, көлемдік жылдамдығының азаюы

Ағзалар және ұлпалардың қан тамырларының қанға толуы

Жоғары

Төмен

Кенет жоғары

Жоғары

Ағзаның, ұлпаның түсі

Ашық қызыл

Бозғылт

Қою қызыл

Қою қызыл цианоз

Қызуы

Жоғары

Төмен

Төмен

Төмен

Ұлпа сұйықтығының пайда болуы

Жоғарылауы әлсіз, ісінуі сирек

Төмендейді

Тоқтайды

Жоғарылайды, қатты ісінеді



^ Мидағы артериалды гиперемия.

Мидың артериалды гиперемиясы ми ұлпасының қанмен қамтамасыз етілуі жетіспеушілігінде дамиды (эпилепсияда, тырысуда, қан қысымы кенет төмендегенде, ми артерияларының бітелуінде). Ми ұлпасының ишемиясынан соң қайта қалыпқа келу кезеңінде айқындала түседі. Қан тамырларындағы қан көлемі көбейіп, бас қаңқа ішінің қысымын жоғарылатуы мүмкін, сол кезде магистралды артериялар компенсаторлы тарылып, бас сүйек ішінде қан көлемінің тұрақтылығы реттеледі.

Ишемия - әкелуші артериялардың бітелуінің әсерінен перифериялық және микроциркуляторлық қан тамырларында қан ағысының баяулауы, бұл жағдай коллатеральды тамырлар жетіспеушілігінде болады.

Артериялардағы қан кедергісінің жоғарылауының себептері – артериялардың ангиоспазмы, артериялардың толық немесе жартылай бітелуі, артерия қабырғаларының қабынуы, склерозы, сырттан қысылуы.

Артерия спазмының негізгі себебі тамырдың тегіс еттерінің қызметтік жағдайының бұзылуы, соның нәтижесінде қалыпты гуморальдық және жүйкелік әсер қан тамырларының ұзақ уақтылы жиырылуына әкеледі – ангиоспазмға.


^ Артерия спазмының даму механизмі.

  1. Жасуша сыртындағы механизм – тамыр қабырғасында түзілетін, қанда ұзақ уақыт айналатын вазоконстрикторлы заттардың (серотонин, катехоламин) әсерінен артериялардың жиырылуы.

  2. Мембранды механизм – артериялардың тегіс етті жасушаларының плазматикалық мембраналарының реполяризация процесстерінің бұзылыстары.

  3. Жасуша ішілік механизм – жасуша ішіндегі кальций иондарының өтуінің бұзылысынан немесе қысқартушы ақуыздар – актин және миозиннің қызметінің өзгеруінен тегіс етті жасушалардың жиырылуымен сипатталады.


Эмболия – артериялардың эмболамен бекітілуі - эндогенді эмболалар – а) (жүрек қақпашаларынан) үзілген тромбтар,

б) жарақатта үзілген ұлпалар, ісіктер ыдырағандағы ұлпалар,

в) сүйек майлары, өкпеден түскен майлар.

Экзогенді эмболалар: ірі веналарға сырттан түскен ауа көпіршіктері оң жүрекшеге барғанда ауа көлемі үлкейіп, жүректің оң бөлігін толтырады. Барометр қысымы кенет түскен кезде пайда болатын газ көпіршіктері (сүңгушілер тез көтерілгенде).


Эмболиялар пайда болатын орындар:

-кіші қан айналу шеңберінің артерияларында

-үлкен қан айналу шеңбері артерияларында

-бауырдың қақапа вена жүйесінде

^ Склероздық өзгерістер – қан тамырдың тесігін тарылтады, артериялардың созылмалы қабынулары (артериит) қан жүрісін баяулатып, ишемияға әкеледі.

Әкелуші артериялардың сырттан қысылуы компрессионды ишемия тудырады (ісіктер, тыртықтар, басқа текті заттар, жгут). Мидың компрессионды ишемиясы бас сүйек ішкі қысымы көтерілгенде болады.


^ Ишемиядағы микроциркуляция.

Әкелуші артерияларда кедергілердің жоғарылауы ағзалардың микротамырларындағы қысымның төмендеуіне және екіншілік тарылуына әкеледі. Ұсақ артериялар және артериолаларда қысымның төмендеуі артериа венозды қысымның айырмашылығының төмендеуіне, капиллярлардағы көлемдік, сызықтық жылдамдықтың баяулауына әкеледі, микрососудтардың тесіктері бітеліп, жұмыс істейтін капиллярлар саны азаяды. Ағзаға әкелінетін О2, қоректік заттар азаяды, зат алмасу заттары жиналады. Тамыр қысымы төмен болғандықтан жасуша сұйықтығы ұлпаға өтуі азаяды, жасуша аралық сұйықтық азайып, лимфа ағысы тоқтайды.

^ Ишемиялық белгілері – ұлпаның қанмен қамтамасыз етілу дәрежесіне және микроциркуляция өзгерісіне байланысты. Ишемия аймағы бозғылт болады (қан тамырларының тарылуына, эритроциттердің аздығына байланысты). Ағза көлемі кішірейеді (қан толуы азаяды, ұлпа сұйықтығы азаяды), температурасы түседі.

^ Ишемиядағы компенсаторлы жағдайлар қанның коллатеральды жолмен әкелінуіне байланысты. Бұл ағзалардың анатомиялық, физиологиялық факторларына байланысты.

1.Артериалды анастомоздары жақсы дамыған ағзалар (ми). Анастомоздардың көлемінің қосындысы бітелген артерия көлеміне сай, бұл жағдайда ағзаның қан айналымы бұзылмайды.

2.Артерияның анастомоз сандары аз болғанда, ағзаның қанмен қамтамасыз етілу дәрежесі азайып, ауыр ишемия инфарктқа әкеледі.

Ишемияда бүкіл ағза артериялары дилятациясы (кеңеюі) дамып, ағзаның қанмен қамтамасыз етілуі жоғарылайды.

^ Ишемиядағы ұлпалар өзгерісі. Әр-түрлі ағзалардың ишемияға мезімталдығы әр-түрлі. ЖЖЖ өте сезімтал, мидың ишемияға ұшыраған аймағының қызметі бірден бұзылады. Келесі орындарда жүрек, бүйрек т.б. ішкі ағзалар. Қаңқа бұлшық еттерінің ишемиясы ауырсынумен, жасызданумен, қызметінің бұзылуымен сипатталады. Ишемия тез арада тарқамаса инфаркт дамиды.

^ Ми ишемиясы және компенсациясы. Ми ишемиясы әкелуші артериялардың бітелуінде – тромбоз және эмболияда, артериялардың патологиялық спазмында дамиды. Анастомоздардың көптігіне байланысты қанмен қамтамасыз етілу тез орнына келеді.


^ Микротамырларда стазды түзетін қанның реологиялық қасиеттерінің өзгерістері.

Формалық элементтердің тез деформацияға ұшырауы бұзылуы

  • өзара жабысып, микротамырларда қан жүрісін бұзатын немесе бітейтін агрегаттар түзілуі

  • формалық элементтердің (эритроциттердің) санының көбеюі.


Микротамырлардағы қан ағымының сипаттамасы.

1.Агрегатталмаған эритроциттер ағымның ортаңғы ось бойымен қозғалады, қабырғаға жақын қабатында плазма.

2. Эритроциттер ұзынынан орналасқан.

3. Ағым жылдамдығы ось бойымен жылдам, қабырға бойымен баяу.

Жіңішке капиллярларда эритроциттер ұзынынан қысылып, арасына плазма араласып, ағыс жылдамдығын төмендетеді, эритроциттер көлденеңінен орналасып, микроциркуляция бұзылысы жоғарылайды.

Эритроциттердің бір-біріне жабысып, бағана түзуі физиологиялық құбылыс. Көптеген факторлардың әсерінен эритроциттердің жабысуы күшейеді, тамырларды бітеп стаз дамиды. Белгілі бір уақытқа дейін стаз қайтарымды. Эритроциттер агрегациясын күшейтетін жағдайлар:

1.Сұйықтықтар, ақуыздар, электролиттер фильтрациясын жоғарылататын тамыр өткізгіштігінің жоғарылауы, соның әсерінен қан сарысуында жоғарғы молекулярлы ақуыздар (глобулин, фибриноген) эритроцит агрегациясын күшейтеді.

2.Әкелуші артериялардың қызметтік жағдайымен сипатталатын капиллярлардағы қан ағымының жылдамдығы капиллярларда стаз дамытады.

Эритроциттердің мембраналары жүрек ауруларында, қантсыз диабет, стрессте, қатерлі ісікте, АТФ жоғарылағанда қатаяды, формасын өзгерткіш қасиетін төмендейді.

Тамыр қабырғалары қатты зақымданған кезде стаз жағдайы қайтарылмайтын болып, жақын ұлпалардың некрозына әкелуі мүмкін. Әсіресе ми стазы, жүрек, бүйрек өмірге аса қауіпті.


Қанның веноздық тоқтауы.

Венозды гиперемия – веналық жүйемен қанның ағысының бұзылысынан ағзаның немесе ұлпаның тамырларына қан толуының жоғарылауы. Вена жүйесіндегі кедергілер себептері:

1.Вена тромбозы.

2.Ірі веналардағы жоғарғы қан қысымы.

3.Вена қабырғаларының жұқалығынан және венадағы қан қысымының төмендігінен веналық сыртқы әсерлерден оңай қысылуы.

Вена жүйесінде коллатеральды жолдар жақсы дамыған. Венадағы қан қысымы тек қана кедергі алдында ғана жоғарылайды, сондықтан жіңішке артерияларда, капиллярларда, веналарда қан ағысы жылдамдығы төмендейді. Қан қысымы жоғарылаған кезде маятник тәрізді қан ағымы пайда болады. Венозды қан тоқтаудың белгілері микротамырлардағы қан ағысы жылдамдығының төмендігіне, ұлпаларға О2 және қоректік заттардың аз келуіне, зат алмасудағы қорытынды заттардың жиналуына байланысты. Ұлпаларда гипоксия дамуына байланысты қалыпты қызметі бұзылады, ағзаның көлемі ісінуіне және тамырларына қан толуы жоғарылауына әкеледі. Капиллярларда қан ағысы жылдамдығы баяулап, ұлпаларда көгілдір түс пайда болады.

Мидың қантамырларындағы венозды тоқтау тудыратын жағдайлар ми үшін өте қауіпті. Ми тамырларындағы қан көлемінің үлкеюі бас сүйек ішінің қысымының жоғарылауына, мидың қысылуына, мидың қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуына және қызметінің бұзылуына әкеледі.

Венозды тоқтау кезінде мидың магистральды артериялары тарылып, келетін қан көлемін азайтады, сөйтіп венозды тоқтау күшін азайтады.

^ Мидың ісінуі – оның қан айналысы бұзылыстарымен тікелей байланысты. Жалпы қан қысым көтерілгенде ми тамырларының да қан қан қысымы жоғарылап, мидың ісінуіне әкелуі мүмкін (гипертензивті ісіну). Ишемия, микроциркуляцияның өзгеруі де мидың ісінуіне әсер етеді. Электролиттердің қаннан ұлпаларға өтуін анықтайтын фильтрация ми микротамырларының қан қысымының өзгеруіне әсер етеді. Ісінулерді емдейтін белсенді заттар ми ісінуінде көмектесе бермейді, көп жағдайда кері әсер етіп, ісінуді жоғарылатады.

Миға қан кету – 2 жағдайда байқалады 1) Гипертоникалық криз кезінде тамырдағы қан қысымына вена тамыр қабырғасы шыдай алмай, жарылуы. 2) Қан тамыр қабырғасындағы құрылымдық өзгерістердің әсерінен қан қысымынан қабырғасының жарылуы. Тамыр қысымы бас сүйек ішіндегі қысымнан жоғары, сондықтан да қан кеткенде ол көтеріледі. Қандағы токсикалық инградиенттер ми ұлпасын зақымдайды, нәтижесінде ми ісінеді. Көп жағдайда кенет дамып, науқастың ауыр жағдайымен қатар жүреді. Миға қан кету – инсульт деп аталады.

_____________________________________________________



Схожі:

Тақырыбы: Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары. Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстарының негізгі түрлері. Перифериялық қан айналымының бұзылыстарының белгілері iconСу мен электролиттер алмасуы бұзылыстарының ТҮрлері, себептері және механизмдері
Натрий иондары қанның осмостық қысымын көтеріп, гипоталамустың осмостық рецепторларын қоздырады. Осыдан гипоталамустың супраоптикалық...
Тақырыбы: Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары. Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстарының негізгі түрлері. Перифериялық қан айналымының бұзылыстарының белгілері iconТақырыбы: Қан жүйесінің патофизиологиясы. Лейкоз. Лейкоздар
Жер шарында жылына 150 000 адам лейкоздан өледі. Лейкоз қауырт және созылмалы болады. Шеткі қанда лейкоциттердің деңгейіне қарай...
Тақырыбы: Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары. Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстарының негізгі түрлері. Перифериялық қан айналымының бұзылыстарының белгілері iconТақырыбы: Зат алмасудың біртектес бұзылыстары. Ақуыз алмасуының бұзылыстары. Организм тіршілігінде нәруыздардың маңызы өте үлкен.
Организм тіршілігінде нәруыздардың маңызы өте үлкен. Нәруыздардың организмде алмасуының бұзылыстары: олардың түзілуі мен ыдырауы...
Тақырыбы: Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары. Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстарының негізгі түрлері. Перифериялық қан айналымының бұзылыстарының белгілері iconБүйрек қызметі бұзылыстарының жалпы этиологиясы
Адамның еңбекке қабілеттілігі төмендеуіне, мүмкіндігіне және өліміне жиі әкелетін дерттердің бірі болып бүйрек аурулары есептеледі....
Тақырыбы: Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары. Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстарының негізгі түрлері. Перифериялық қан айналымының бұзылыстарының белгілері iconНерв жүйесі бұзылыстарының этиологиясы
Сол себептен нерв жүйесінің бұзылыстары организмнің осы бейімделу қабілетінің бұзылыстарына әкеледі. Осының нәтижесінде дамитын көптеген...
Тақырыбы: Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары. Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстарының негізгі түрлері. Перифериялық қан айналымының бұзылыстарының белгілері iconТақырыбы: Жүрек –қан тамыр жүйесінің патофизиологиясы. Жүрек жеткіліксіздігі Қанайналым жүйесінің патофизиологиясы
Осының нәтижесінде ағзалар мен тіндер оттегімен, қоректік заттармен қамтамасыз етілмейді және олардан зат алмасудың соңғы өнімдері...
Тақырыбы: Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары. Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстарының негізгі түрлері. Перифериялық қан айналымының бұзылыстарының белгілері iconТақырыбы: Қан жүйесінің патофизиологиясы. Анемия туралы түсінік. Анемиялар Анемия
Анемия деп қанның белгілі көлемінде гемоглобиннің және эритроциттердің, жиі олардың сапалық өзгерістерімен қабаттасатын мөлшнрі азаюын...
Тақырыбы: Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары. Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстарының негізгі түрлері. Перифериялық қан айналымының бұзылыстарының белгілері iconЭлектролиттік диссоциациалану және электролиттердің Қасиеттері (10 сағ.) 3- сабақ. Электролиттер мен бейэлектролиттер Сабақтың мақсаты: «электролиттер»
Сабақтың мақсаты: «электролиттер» және «бейэлектролиттер» ұғымын қалыптастыру, ерітінділердің электр өткізгіштігі заттың кристалдық...
Тақырыбы: Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары. Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстарының негізгі түрлері. Перифериялық қан айналымының бұзылыстарының белгілері iconТақырыбы: Өспе. Өспе /Ісік
Ал біздің қазақ жарақат алып домбығып тұрған жерін көргенде ісініп тұр,ісігі қайтпапты,ісігі асқынып барады деген сиақты сөздерді...
Тақырыбы: Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары. Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстарының негізгі түрлері. Перифериялық қан айналымының бұзылыстарының белгілері iconАбдрахманов сауытбек өлең аудармасының теориясы мен поэтикасы
Диссертация Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М. О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының...
Додайте кнопку на своєму сайті:
Документи


База даних захищена авторським правом ©te.zavantag.com 2000-2017
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації
Документи