Тақырыбы: Қабыну icon

Тақырыбы: Қабыну




Скачати 29.33 Kb.
НазваТақырыбы: Қабыну
Дата конвертації29.03.2013
Розмір29.33 Kb.
ТипДокументи

Тақырыбы: Қабыну.


Экссудация (лат. exsudare - терлеу) деп қанның сұйық бөлшектерінің, онда еріген электролиттердің, қан нәруыздары мен жасушаларының тамыр сыртындағы тінге шығуын айтады.

Экссудацияның негізгі себебі тамырлар қабырғаларының өткізгіштігінің көтерілуі.

Қан нәруыздарының сыртқа шығуына байланысты тамыр сыртында олардың мөлшері өседі. Бұл онкотикалық қысымның көтерілуіне әкеледі. Экссудациямен лейкоциттердің эмиграциясы (лат. emigrare - орын ауыстыру) тығыз байланысты және ол үш сатыдан тұрады:

1. Лейкоциттердің тамыр жиектеріне кемерленіп тұруы (маргинация);

2. Лейкоциттердің тамыр қабырғалары арқылы тамырдың сыртына шығуы;

3. Лейкоциттердің қабыну ошағында қозғалуы;

Экссудаттың жасушалық құрамы қабынудың пайда болу себебімен үлкен дәрежеде байланысты. Егер қабыну ірің туындататын микробтардың (стафилококктар, стрептококктар) әсерінен дамыса, онда экссудатта нейтрофилдік лейкоциттер басым болады, егер қабыну иммундық негізде (аллергия) болса немесе қарапайым жануарлармен, құрттармен шақырылған болса, онда эозинофилдер көп болады. Баяу дамитын қабыну кезінде (туберкулез, сифилис) экссудатта бір ядролы жасушалар (лимфоциттер, моноциттер) көп болады.

Қабыну ошағында лейкоциттердің негізгі қызметі болып, бөтен бөлшектерді сіңіру және қорыту (фагоцитоз) есептеледі.

Фагоцитоз төрт сатыда өтеді: 1. Жақындасу, 2. Жабысу, 3. Жұту, 4. Қорыту.

қабыну ошағында жиналатын экссудаттың құрамына тамырдан шыққан сүйық, қан плазмасының нәруыздары мен электролиттері, қан жасушалары кіреді. Сол себептен экссудаттың транссудаттан айырмашылығы оның құрамында нәруыздар (2 пайыздан астам) көбірек болады. Егер тамыр кемерлерінің өткізгіштігі аз бүлінген болса, онда экссудатта негізінен альбуминдер мен глобулиндер ғана болады. Өткіз-гіштігі қатты көтерілген болса, онда қан плазмасынан тінге кесек молекулалық фибриноген шығады. Бұл кезде қан тамырларынан жасушалар да эритроциттер мен лейкоциттер шыға бастайды.

Сонымен бірге экссудатқа шыққан лейкоциттердің және жергілікті тін жасушаларының ыдырауынан көптеген ферменттер босап шығады. Сондықтан экссудатта протеолиздік, амилолиздік, липолиздік ж. б. ферменттер болады, Экссудаттың меншікті тығыздығы (1,016-1,020) тра'нсудаттан (1,004-1,010) көп болады.

Пролиферация (лат. proles - ұрпақ, fero - әкелу) қабынуға қатысатын әсіресе макрофагтар мен лимфоциттердің, жергілікті тін жасушаларының өсіп-өнуі. пролиферацияны дамытатын бірнеше медиаторлар белгілі, пролиферация үрдісі белгілі бір мөлшерде болуы қажет. Оның тым артық болуы ағзаның сыртқы пішінін өзгертетін және қызметін бүзатын артық тыртық тіннің өсіп-өніп кетуіне әкеледі. Бұл әсіресе жүрек қақпақшаларының, ми қабықтарының қабынуы кезінде өте қауіпті. Сондықтан қабыну ошағында дәнекер тіні же.сушаларының өсіп-өнуі белгілі мөлшерде шектеліп тұруы қажет. Сайын келгенде, тіннің кішігірім бүлінулерінде, жарақаттануында асқынбай бітетін қабыну үрдісі толық қалпына келумен аяқталады. Тым көп жасушалар тіршілігін жоғалтқанда ақау дәнекер тінге ауысып артынан тыртық пайда болады.


Қабынуды емдеудің жалпы потолофизиологиялық негіздері.


1.Қабыну туындатқан себепкер ықпалдарымен күресу, оны аластауға тырысу. Жұқпаларға қарсы бактерецидтік дәрі дәрімектер қолдану керек.

2.Қабыну ошағындағы микроциркуляциялық бұзылыстарды қалпына келтіру бұл үшін ар түрлі кыздыру физиотерапия тәсілдері қолданыладввыы. Микроциркуляцияның жасқаруына байланысты зат алмасу процестері түзіледі. Қабынудың жазылуы жылдамдайды.

3.Қабыну медиаторларының әсерлерін шектеу. Ол үшін медиаторларының түзілүіне қажетті ферменттерді тежеп , Қабыну дәнекерлерін ыдырататын ферменттерді сергіту қажет. Простаглиндердің түзілүін шектеу.

4.Жасушалардың, әсіресе лизосомалардың мембраналарын турақтандыру қажет. Ол үшін әртүрлі антиоксидаттар, витаминдер, стероидтық гормондар ж.б. пайдаланылады.

5.Қан ұю жүйесін реттеу фибронолиздіі арттыыру. Гепарин қан құю ұюыына тежеп тромб құрылууын азайтады гистаминді байланыстырып қабынуға қарсы әсер етеді.

6.Имундық жүйе қызметін ретке келтіру, ол үшін имундық модуляторлар қолданылады.

7.Ірііңді қабыну болса хирургиялық тәсілмен іріңді сыртқа шығару қажет.

8.Организімнің уыттануымен күресу бауырдыың ішектердің қабыну кездерінде үлкен орын алады.

Қорыта келгенде қабынуды емдегенде бұл үррдістіңқарама қайшылықты мәнін естен шығармау керек. Сондықтан бүліну үрдістерін шектеп алмастыру қажет. Пролиферацияның маңызды компенцациялық үрдістерді арттыру қажет.



Схожі:

Тақырыбы: Қабыну iconТақырыбы: Өспе. Өспе /Ісік
Ал біздің қазақ жарақат алып домбығып тұрған жерін көргенде ісініп тұр,ісігі қайтпапты,ісігі асқынып барады деген сиақты сөздерді...
Тақырыбы: Қабыну icon7 сынып Сабақ тақырыбы
Сабақ тақырыбы: Терезелер. Терезе элементтері. Шиыру жолақтары. Сұр түсті командалар
Тақырыбы: Қабыну iconЛат inflammatio, грек phlogosis көптеген аурулардың даму негізінде жатады
Бірақ қабыну басқа біртектес дерттік үрдістермен (дене қызуымен, аллергиямен, стреспен, иммундық серпілістермен) тығыз байланысты...
Тақырыбы: Қабыну iconТақырыбы: Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары. Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстарының негізгі түрлері. Перифериялық қан айналымының бұзылыстарының белгілері
Тақырыбы: Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары. Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстарының...
Тақырыбы: Қабыну iconТақырыбы: Патогенез
Жылдамдатады, эритроциттердің, сонымен бірге гемоглобиннің деңгейі көтеріледі т с с. Бұлардың барлығы организмге жетіспейтін оттегін...
Тақырыбы: Қабыну iconТақырыбы: Ағза реактивтілігінің дерттегі маңызы
...
Тақырыбы: Қабыну iconТақырыбы: Қан жүйесінің патофизиологиясы. Лейкоцитарлық өрнектің өзгерістері Лейкоцитоз
Көбейген лейкоциттердің түрлеріне қарай нейтрофильдік (нейтрофилез), эозинофильдік (эозинофилия), базофильдік (базофилия), лимфоциттік...
Тақырыбы: Қабыну iconII. Негізгі бөлім. Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясының мазмұны
...
Тақырыбы: Қабыну iconТақырыбы: Жалпы нозология
...
Тақырыбы: Қабыну iconТақырыбы: Жүрек –қан тамыр жүйесінің патофизиологиясы. Жүрек жеткіліксіздігі Қанайналым жүйесінің патофизиологиясы
Осының нәтижесінде ағзалар мен тіндер оттегімен, қоректік заттармен қамтамасыз етілмейді және олардан зат алмасудың соңғы өнімдері...
Додайте кнопку на своєму сайті:
Документи


База даних захищена авторським правом ©te.zavantag.com 2000-2017
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації
Документи