Тақырыбы: Қан жүйесінің патофизиологиясы. Лейкоцитарлық өрнектің өзгерістері Лейкоцитоз icon

Тақырыбы: Қан жүйесінің патофизиологиясы. Лейкоцитарлық өрнектің өзгерістері Лейкоцитоз




Скачати 19.88 Kb.
НазваТақырыбы: Қан жүйесінің патофизиологиясы. Лейкоцитарлық өрнектің өзгерістері Лейкоцитоз
Дата конвертації29.03.2013
Розмір19.88 Kb.
ТипДокументи

Тақырыбы: Қан жүйесінің патофизиологиясы. Лейкоцитарлық өрнектің өзгерістері

Лейкоцитоз — шеткі қанда лейкоциттердің 8х109/л-ден астам көбеюі. Лейкоцитоз физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін. Физиологиялық лейкоцитоздар тамақ ішкеннен 2—3 сағат әткен соң дамитын — ауқаттық, ауыр қол жүмысын атқарғаннан кейін — миогендік, жаңа туған балаларда, жүкті әйелдерде болады. Патологиялық лейкоцитоз көптеген аурулар кездерінде дамиды, Бұл лейкоцитоз инфекциялық лейкоцитоз, қабынулық, қатерлі өспелер кездеріндегі және қансыраудан кейінгі лейкоцитоздар болып бөлінеді. Көбейген лейкоциттердің түрлеріне қарай нейтрофильдік (нейтрофилез), эозинофильдік (эозинофилия), базофильдік (базофилия), лимфоциттік (лимфоцитоз), моноциттік (моноцитоз) лейкоцитоздар болады.

1. Нейтрофильды лейкоцитоз – іріңді қабынулар тудыратын инфекцияларда (стрептококк, стафилококк, менингококк т.б.), миокард инфарктында, жедел қан кешулерде байқалады.

2. Эозинофильды лейкоцитоз (эозинофилия) – ішек құрты ауруларында, аллергиялық ауруларда және бүйрек үсті безінің қыртысының қызметі төмендегенде байқалады.

3. Базофильды лейкоцитоз (базофилия) – қан жүйесі ауруларында – созылмалы миелоз.

4. Лимфоцитоз – лимфолейкозда және созылмалы инфекциялық ауруларда (туберкулез, сифилис) байқалады.

5. Моноцитоз – вирусты инфекцияларда желшешек, қызамық, лимфогранулематозда байқалады.


ЛЕЙКОПЕНИЯЛАР


Шеткі қанда лейкоциттердің саны 4 • 109/л-ден төмен азаюын лейкопения дейді. Пайда болу себептеріне қарай олар былай ажыратылады:

1. Инфекциялық (іш сүзегі, тұмау, қызылша, қызамық, туберкулез, мерез, созылмалы сепсис, сарып, безгек ж. б.) лейкопениялар;

2. Уыттық өндірістік (бензол, мұнай өнімдері, фторлық сутегі, күкірт ангидриді, үшнитротолуол, гидрохинон ж. б.) лейкопениялар;

3. Дәрі-дәрмектік (амидопирин, сульфамидтік дәрілер, синтомицин, сынаптық, мышьяктық дәрілер, адриамицин, 6-меркаптопурин, сарколизин, тиоТЭФ ж. б. ісіктерді емдейтін дәрілер) лейкопениялар;

4. Радиациялық (иондағыш сәулелер) лейкопениялар;

5. Қан аурулары (созылмалы анемиялар, лейкоздар) кездеріндегі лейкопениялар;

6. Кейбір эндокриндік аурулар (акромегалия, Аддисон ауруы) кездеріндегі лейкопениялар;

7. Жоғары нерв жүйесі әрекеттері бұзылғанда, шок пен коллапс кездеріндегі ж. б. лейкопениялар болады.

Олардың даму жолдарының негізінде мыналар болуы мүмкін:

1. Сүйек кемігінде лейкопоездың тежелуі және лейкоциттердің өндірілуі, жетілуі, шеткі қанға шығуы бұзылуы;

2. Антилейкоциттік антиденелердің түзілуіне және лейкоагглютинацияға, лейкоциттердің ыдырауына әкелетін аутоиммундық серпілістері;

3. Лейкоциттердің өндірілуіне қажетті заттардың, витаминдердің жеткіліксіздігінен олардың өндірілуінің бұзылуы;

4. Олардың өндірілуінің нервтік және гуморалдық реттелуінің бұзылуы.



Схожі:

Тақырыбы: Қан жүйесінің патофизиологиясы. Лейкоцитарлық өрнектің өзгерістері Лейкоцитоз iconТақырыбы: Жүрек –қан тамыр жүйесінің патофизиологиясы. Жүрек жеткіліксіздігі Қанайналым жүйесінің патофизиологиясы
Осының нәтижесінде ағзалар мен тіндер оттегімен, қоректік заттармен қамтамасыз етілмейді және олардан зат алмасудың соңғы өнімдері...
Тақырыбы: Қан жүйесінің патофизиологиясы. Лейкоцитарлық өрнектің өзгерістері Лейкоцитоз iconТақырыбы: Қан жүйесінің патофизиологиясы. Анемия туралы түсінік. Анемиялар Анемия
Анемия деп қанның белгілі көлемінде гемоглобиннің және эритроциттердің, жиі олардың сапалық өзгерістерімен қабаттасатын мөлшнрі азаюын...
Тақырыбы: Қан жүйесінің патофизиологиясы. Лейкоцитарлық өрнектің өзгерістері Лейкоцитоз iconТақырыбы: Қан жүйесінің патофизиологиясы. Лейкоз. Лейкоздар
Жер шарында жылына 150 000 адам лейкоздан өледі. Лейкоз қауырт және созылмалы болады. Шеткі қанда лейкоциттердің деңгейіне қарай...
Тақырыбы: Қан жүйесінің патофизиологиясы. Лейкоцитарлық өрнектің өзгерістері Лейкоцитоз iconТақырыбы: Қабыну
Экссудация (лат exsudare терлеу) деп қанның сұйық бөлшектерінің, онда еріген электролиттердің, қан нәруыздары мен жасушаларының тамыр...
Тақырыбы: Қан жүйесінің патофизиологиясы. Лейкоцитарлық өрнектің өзгерістері Лейкоцитоз iconҚан тамырларының гуморальды реттелуінің бұзылыстары
Адреналин, норадреналин альфа-адренергиялық рецепторларды қоздырып, артериолалардың тарылуына, яғни қан қысымының жоғарылауына әкеледі....
Тақырыбы: Қан жүйесінің патофизиологиясы. Лейкоцитарлық өрнектің өзгерістері Лейкоцитоз iconСыртқы тыныс алу жүйесінің патофизиологиясы. Алқыну, асфиксия
Сыртқы тыныс алу жетіспеушілігінің белгілері: алқыну немесе ентігу және патологиялық тыныстардың пайда болуы
Тақырыбы: Қан жүйесінің патофизиологиясы. Лейкоцитарлық өрнектің өзгерістері Лейкоцитоз iconТақырыбы: Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары. Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстарының негізгі түрлері. Перифериялық қан айналымының бұзылыстарының белгілері
Тақырыбы: Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары. Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстарының...
Тақырыбы: Қан жүйесінің патофизиологиясы. Лейкоцитарлық өрнектің өзгерістері Лейкоцитоз iconТақырыбы: Өспе. Өспе /Ісік
Ал біздің қазақ жарақат алып домбығып тұрған жерін көргенде ісініп тұр,ісігі қайтпапты,ісігі асқынып барады деген сиақты сөздерді...
Тақырыбы: Қан жүйесінің патофизиологиясы. Лейкоцитарлық өрнектің өзгерістері Лейкоцитоз icon7 сынып Сабақ тақырыбы
Сабақ тақырыбы: Терезелер. Терезе элементтері. Шиыру жолақтары. Сұр түсті командалар
Тақырыбы: Қан жүйесінің патофизиологиясы. Лейкоцитарлық өрнектің өзгерістері Лейкоцитоз iconАс қорыту патофизиологиясы. Бауыр қызметтерінің бұзылыстары
Бауыр организмде ішкі ортаның тұрақтылығын сақтап тұруға бағытталған көптеген өте маңызды қызметтер атқарады
Додайте кнопку на своєму сайті:
Документи


База даних захищена авторським правом ©te.zavantag.com 2000-2017
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації
Документи