Тақырыбы: Зат алмасудың біртектес бұзылыстары. Ақуыз алмасуының бұзылыстары. Организм тіршілігінде нәруыздардың маңызы өте үлкен. icon

Тақырыбы: Зат алмасудың біртектес бұзылыстары. Ақуыз алмасуының бұзылыстары. Организм тіршілігінде нәруыздардың маңызы өте үлкен.




Скачати 47.39 Kb.
НазваТақырыбы: Зат алмасудың біртектес бұзылыстары. Ақуыз алмасуының бұзылыстары. Организм тіршілігінде нәруыздардың маңызы өте үлкен.
Дата конвертації29.03.2013
Розмір47.39 Kb.
ТипДокументи

Тақырыбы: Зат алмасудың біртектес бұзылыстары. Ақуыз алмасуының бұзылыстары.


Организм тіршілігінде нәруыздардың маңызы өте үлкен. Нәруыздардың организмде алмасуының бұзылыстары: олардың түзілуі мен ыдырауы бұзылғанда, амин қышқылдарының аралық алмасуы өзгергенде және нәруыздар алмасуының соңғы кезеңдерінің бұзылыстарында байқалады.

НӘРУЫЗДАРДЫҢ ТҮЗІЛУІ МЕН ЫДЫРАУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ

Нәруыздардың түзілуінің бұзылуы екі түрлі себептерден болуы мүмкін:

1.амин қышқылдарының, әсіресе алмастырылмайтын аминқышқылдарының, жетіспеушілігінен;

2. Жасушалардың гендік құрылымдарының өзгерістерінен немесе олардың қызмет атқару белсенділігінің нашарлауынан.

Организмде нәруыздардың қоры болмағандықтан тамақпен түсетін нәруыздармен қамтамасыз етіледі. Адам организміне тәулігіне 80—100 г. нәруыз тамақпен түсуі қажет, оның ішінде 30 г жануарлардың нәруыздары болуы керек. Нәруыз организмде түзілу үшін ішектер арқылы сіңірілген тамақтың аминқышқылдары пайдаланылады. Олардың ішінде аса маңыздылары алмастырылмайтын (валин, изолейцин, лейцин, лизин, метионин, трионин, фенилалалин, триптофан) аминқышқылдары. Бұлардың тіпті біреуі болмаса тіндерде нәруыз түзілмейді. Сондықтан тағамдағы нәруыздардың сіңірілуі мен қорытылуы бұзылғанда олардың қоректік жеткіліксіздігі дамиды. Бұндай жағдайлар ішектердің секрециялық және қимылдық әрекеттері бұзылуына әкелетін ішек-қарын жолдарының аурулары, ашығу, аминқышқылдары бойынша құрамы толық емес сапасыз тамақтану кездерінде байқалады.

Жасушалардың гендік құрылымдарының өзгерістері немесе олардың қызмет атқару белсенділігінің төмендеуі тұқым қуатын және жүре пайда болған болып екіге бөлінеді.

Жүре пайда болған гендік құралдардың бұзылыстарының себептері: 1. Физикалық (иондағыш сәулелер, ыстық немесе суық температуралар ж. б.), химиялық улы өнімдер, асқын тотықтар, дәрі-дәрмектер (цитостатикалық препаратттар), гипоксия; 2. Стрестік жағдайлар; 3. Ағзаның нервтелуінің бұзылуы; 4. Эндокриндік бездердің (аденогипофиздің, бүйрек үсті бездерінің, жыныс бездерінің ж. б.) қызметтерінің өзгеруі; 5. Дене мүшелері мен тіндердің қызмет атқаруының әдеттегіден басқаша болуы (гиподинамия, гиперфункция); 6. Қартаю.

Нәруыз түзілуі организм үшін өте маңызды. Ол организмде ағзалар мен тіндер жасушаларының ұдайы жаңарып тұруы үшін қажет.

Сонымен бірге ағзалар мен тіндердің атқаратын қызметтері төмендегенде нәруыз түзілуі азаяды да, атрофия дамиды. Бұған мысал ретінде шынықпаған организмдердің бұлшық еттерінің семуін келтіруге болады. Осыған байланысты ұзақ гиподинамия организмнің бейімделу мүмкіншіліктерін азайтады. Сонымен бірге, нәруыз түзілуі бұзылғанда эндокриндік бездерде гормон түзілуі, иммундық жүйеде антиденелер мен лимфоциттер, комплемент жүйесі, сүйек кемігінде қан жасушалары өндірілуі бұзылады. Осыдан организмде гормондардың жеткіліксіздігі, жұқпаларға организм төзімділігінің төмендеуі, анемия ж. б. құбылыстар байқалады.

Нәруыз түзілуі әсіресе өсіп келе жатқан балалардың организмі үшін өте қажет. Тамақпен нәруыздардың аз түсуінен немесе ас қорыту жолдарында олардың сіңірілмеуінен балалардың организмінде нәруыздардың энергиялық жеткіліксіздігі дамиды. Бұл кезде ауыр гипотрофия, ісіну, іш шемені байқалады, ақыл-есінің дамуы нашарлайды, шашы түсіп қалады, терісі қатпарланып балалар қатты арып, жүдеп кетеді. Бұндай балалардың жұқпалы ауруларға төзімділігі азаяды, витаминдердің жеткіліксіздігі болады, аминқышқылдары зәрмен көптеп сыртқа шығарылады, анемия дамиды, лейкоциттердің өндірілуі төмендейді.

Нәруыздардың энергиялық жеткіліксіздігі синдромының үш дәрежесін ажыратады: 1-ші дәрежеде дене массасы қалыпты массаның 75—90 пайызына дейін төмендейді; 2-ші дәрежеде дене массасы қалыпты массаның 60—70 пайызы шамасында болады; 3-ші дәрежеде дене массасы қалыпты массаның 60%-нан төмен болады.


^ НӘРУЫЗДАР ЫДЫРАУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ

Организмде олардың артық ыдырауы дене қызуы көтерілгенде, үлкен қабыну кездерінде, жарақаттанғаннан кейін, ауыр хирургиялық әрекеттердің нәтижесінде, қатерлі өспелер, гипертиреоз ж. б. дерттер кездерінде байқалады. Нәруыздардың түзілуі мен ыдырауының клиникалық көрінісі болып азоттық тепе-теңдік (баланс) есептеледі. Дені сау ересек адамдарда организмнен (зәрмен, нәжіспен) шығарылатын азоттың мөлшері тамақпен организмге түскен азоттың мөлшеріне тең болады. Жас балаларда, жүкті әйелдерде, анаболизмдік гормондарды сырттан енгізгенде, немесе олардың организмде артық өндірілгенінде ж. б. жағдайларда организмге сырттан түскен азоттың мөлшерінен оның сыртқа шығарылатын көлемі кем болады. Былайша айтқанда анаболизмдік (түзілу) процестері катаболизмдік (ыдырау) процестерден басым болады. Бұндай жағдайды оң азоттың баланс дейді.

Ашығу кезінде бүйрек арқылы (протеинурия) және терімен (күйіктік ауруы кезінде), ішектермен (іш өткенде), тиреотоксикоз, қызба, ісік ауруы кездерінде организмнен шығарылатын азоттың деңгейі организмге тамақпен түсетін азоттан артық болады. Бұндай жағдайды теріс азоттық баланс дейді. Теріс азоттық баланс организмде тамақпен олардың аз түсуін де көрсетеді.

Қалдық азоттың қанда көбеюі гиперазотемия делінеді. Гиперазотемия бауырда мочевина түзілуі бұзылуынан (бауырлық гиперазотемия) нәтижесінде дамуы мүмкін. Бауырда мочевина түзілуінің бұзылуы бауыр жеткіліксіздігінде, гипоксия кезінде немесе тұқым қуатын мочевина түзілуіне қажетті ферменттердің түзілуі бұзылғанда байқалады. Мочевина түзілуінің бұзылуы нәтижесінде қанда аммиактың деңгейі көтеріледі. Ол орталық нерв жүйесіне улы әсер етеді.


^ ҚАН НӘРУЫЗДАРЫНЫҢ ӨЗГЕРІСТЕРІ

Қан плазмасындағы нәруыздардың сандық және сапалық өзгерістері ауруды анықтау және оның өту қарқынын болжау үшін қаралады.

Қанда нәруыздардың мөлшерінің және сапасының өзгерістері көптеген дерттік жағдайларда байқалады. Олар гипопротеинемия, гиперпротеинемия және диспротеинемия түрлерінде көрінеді. Әдетте, қанда нәруыздардың жалпы мөлшері 65-85 г/л. Оларға әлбуминдер (52-58%), α12,β,γ - глобулиндер және фибриноген жатады.

Гипопротеинемия қанда нәруыздардың қалыптыдан азаюы. Ол тұқым қуатын және жүре пайда болған болуы мүмкін. Соңғы гипопротеинемия нәруыз түзілуі азаюдан (ашығу, бауыр аурулары, аминқышқылдарының сіңірілуі бұзылыстары кездерінде) немесе нәруыздарлық организмнен тым артық шығарылуы (қансырау, қан плазмасын жоғалту (күйік), экссудация, протеинурия) кездерінде дамуы ықтимал.

Гиперпротеинемия - қанда нәруыздардың қальшты леңгейден жоғары болуы, ол жиі салыстырмалы түрде қан қоюлануы кезінде болады. Шынайы гиперпротеинемия пегізінен гиперглобулинемиямен сипатталады. Бұл, әдетте антиденелер түзілуі ұлғайғанда гаммаглобулиндердің деңгейі көтерілуінен көрінеді.

Диспротеинемия - қан плазмасы нәруыздарының жеке бөлшектерінің өзарақатынастары өзгеруі. Бауыр аурулары кездерінде α - және β-липопротеидтердің түзілуі азаяды. Фибриногеннің түзілуі төмендеуінен қан ұю үрдістері бұзылады. γ -глобулиндердің түзілуі азаюы мүмкін. Сонымен қатар олардың сапасы өзгереді (парапротеинемия). Парапротеиндер дене қызуы қалыпты болғанда сұйық күйінде болады да, дене мұздағанда тұнбаға айналады. Бұл тұнбалар ұсақ тамырлардың ішіне тұрып қалуынан тромбоз, микроциркуляциялардың бұзылуы, аяқтарда некроз дамуы мүмкін.



Схожі:

Тақырыбы: Зат алмасудың біртектес бұзылыстары. Ақуыз алмасуының бұзылыстары. Организм тіршілігінде нәруыздардың маңызы өте үлкен. iconЗат алмасудың біртектес бұзылыстары. Көмірсу алмасуының бұзылыстары.Қант диабеті
Ал, ми жасушалары қызметтерінде энергия тек глюкозамен өндіріледі. Сондықтан қанда глюкозаның деңгейі 3,5-5,5 мМ/л мөлшерінде ұсталып...
Тақырыбы: Зат алмасудың біртектес бұзылыстары. Ақуыз алмасуының бұзылыстары. Организм тіршілігінде нәруыздардың маңызы өте үлкен. iconЗат алмасудың біртектес бұзылыстары. Май алмасуының бұзылыстары
Липидтер – организмнің көптеген биологиялық қызметін атқаратын химиялық классқа жататын органикалық қосындылар. Липидтер глюкозамен...
Тақырыбы: Зат алмасудың біртектес бұзылыстары. Ақуыз алмасуының бұзылыстары. Организм тіршілігінде нәруыздардың маңызы өте үлкен. iconАс қорыту патофизиологиясы. Бауыр қызметтерінің бұзылыстары
Бауыр организмде ішкі ортаның тұрақтылығын сақтап тұруға бағытталған көптеген өте маңызды қызметтер атқарады
Тақырыбы: Зат алмасудың біртектес бұзылыстары. Ақуыз алмасуының бұзылыстары. Организм тіршілігінде нәруыздардың маңызы өте үлкен. iconТақырыбы: Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары. Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстарының негізгі түрлері. Перифериялық қан айналымының бұзылыстарының белгілері
Тақырыбы: Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары. Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстарының...
Тақырыбы: Зат алмасудың біртектес бұзылыстары. Ақуыз алмасуының бұзылыстары. Организм тіршілігінде нәруыздардың маңызы өте үлкен. iconНерв жүйесі бұзылыстарының этиологиясы
Сол себептен нерв жүйесінің бұзылыстары организмнің осы бейімделу қабілетінің бұзылыстарына әкеледі. Осының нәтижесінде дамитын көптеген...
Тақырыбы: Зат алмасудың біртектес бұзылыстары. Ақуыз алмасуының бұзылыстары. Организм тіршілігінде нәруыздардың маңызы өте үлкен. iconТақырыбы: Ағза реактивтілігінің дерттегі маңызы
...
Тақырыбы: Зат алмасудың біртектес бұзылыстары. Ақуыз алмасуының бұзылыстары. Организм тіршілігінде нәруыздардың маңызы өте үлкен. iconТақырыбы: Жүрек –қан тамыр жүйесінің патофизиологиясы. Жүрек жеткіліксіздігі Қанайналым жүйесінің патофизиологиясы
Осының нәтижесінде ағзалар мен тіндер оттегімен, қоректік заттармен қамтамасыз етілмейді және олардан зат алмасудың соңғы өнімдері...
Тақырыбы: Зат алмасудың біртектес бұзылыстары. Ақуыз алмасуының бұзылыстары. Организм тіршілігінде нәруыздардың маңызы өте үлкен. iconОрталық реттеу тетіктерінің бұзылыстары
Бұл жүйелер өзара бірімен-бірі тығыз байланысты. Сондықтан организмнің біртұтас өзін-өзі реттейтін күрделі жүйеге бірігуі нервтік-эндокриндік...
Тақырыбы: Зат алмасудың біртектес бұзылыстары. Ақуыз алмасуының бұзылыстары. Организм тіршілігінде нәруыздардың маңызы өте үлкен. iconАс қорыту патофизиологиясы. Ас қорыту бұзылыстары
Осының нәтижесінде организмде теріс азоттық баланс,витаминдер мен микроэлементтердің жеткіліксіздігі дамиды,организмнің қоздырғыштарга...
Тақырыбы: Зат алмасудың біртектес бұзылыстары. Ақуыз алмасуының бұзылыстары. Организм тіршілігінде нәруыздардың маңызы өте үлкен. iconАс қорыту патофизиологиясы. Ішектегі астың сіңірілуінің бұзылыстары
Ожж негізінен ішек сөлінің шығуын тежейді. Ішек сөлі шығуына байланысты ішектерде тағамдық заттардың ыдыратылуы болады. Оларда астың...
Додайте кнопку на своєму сайті:
Документи


База даних захищена авторським правом ©te.zavantag.com 2000-2017
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації
Документи