Ас қорыту патофизиологиясы. Ас қорыту бұзылыстары icon

Ас қорыту патофизиологиясы. Ас қорыту бұзылыстары




Скачати 93.83 Kb.
НазваАс қорыту патофизиологиясы. Ас қорыту бұзылыстары
Дата конвертації29.03.2013
Розмір93.83 Kb.
ТипДокументи

Тақырыбы: Ас қорыту патофизиологиясы.

Ас қорыту бұзылыстары.


Ас қорытылуының жеткіліксіздігі деп организмге түскен тамақтың қорытылмауына әкелетін ас қорыту жолдарының жағдайларын айтады.Осының нәтижесінде организмде теріс азоттық баланс,витаминдер мен микроэлементтердің жеткіліксіздігі дамиды,организмнің қоздырғыштарга жауап қайтару қасиеті төмендейді,балалардың дамуы мен бойы өсуі баяулайды.


Ас қорыту бұзылыстарының этиологиясы.

Ас қорыту бұзылыстары мына себептер әкеледі:

1.Қоректенудің бұзылыстары.Қоректенудің белгілі тәртібі бұзылуы,ұзақ уақыт аш жүру, сапасыз қоректену,құрғақ тамақ немесе тым ашты тамақ қабылдау ж.б.;

2.Ас қорыту жолдарына жұқпалы аурулардың қоздырғыштары(іш сүзегінің, дизентерияның, тырысқақтың,тағамдық уытты жұқпалардың ж.б.) түсуі.Асқазанның созылмалы қабынуларын қарын қақпашысының шырышты қабықтарындағы эпителий жасушыларында өсіп-өнетін He licobacter pylori туындататыны бүгінгі күні белгілі;

3. Химиялық заттардың(ауыр металлдардың.салицилаттардың,алкогөлдің,никотиннің ж.б.),өсімдік уаларының(саңырауқұлақ ж.б.) ас қорыту жолдарына түсуі;

4.Иондағыш сәулелердің әсерлері(сәулелік ауру);

5.Өспелердің дамуы;

6.Стресстік жағдайлар,ауыр жан-дүниелік күйзелістер,жағымсыз эмоциялар ж.б.;

7. Жас балаларда аллергиялық серпілістер мен ас қорыту жолдарының даму ақаулары.

Ас қорыту жолдарының аурулары жиі тәбеттің бұзылыстарына әкеледі.


Тәбеттің бұзылыстары

Тәбет қарын ашу сезімінен ерекше сезім.Ол адамның белгілі тамаққа аңсары аууы.Тәбет ашылуы тамақ қабылдаудың бірінші минөттерінде,әсіресе күткен тағамның иісіне, түріне, тамақ қабылдайтын қоршаған ортаның эстетикалық жағдайларына пайда болады.Тәбет ашылуы ас қорыту жолдарының сөл өндіру және қимылдық әрекеттерін сергітеді.

Тәбеттің бұзылыстары мына түрлерде болуы мүмкін:

1.Тәбеттің көтерілуін гиперорексия деп атайды(грек.hyper-жоғары,көтеріңкі,orexis-тәбет).Осыдан адам мен жануарлардың ашқарақтығы немесе полифагия(грек.poly-көп, phagein-жеу) пайда болады.Тәбеттің көтерілуінің ең ауыр түрін булемия(bus-өгіз, limos-аштық) немесе мешкейік деп атайды.Тәбеттің көтерілуі мидың,эндокриндік бездердің аурулары(невроздар,тиретоксикоз,қантты диабет,инсулинома ж.б.)кездерінде,асқазанның кардиалдық бөлігін хирургиялық тәсілмен алып тастағанда байқалады.Тамақты көп қабылдаудың нәтижесінде дененің семіруі,осыдан қантты диабет,атеросклероз, зат алмасуларының бұзылыстары,артериялық гипертензия дамиды.

2.Тәбеттің азайуын немесе болмауын гипорексия немесе анорексия(грек.an-жоқ,жоққа шығару, orexis-тәбет)деп атайды.Тәбеттің азайуын немесе оның болмауы ас қорыту жолдарының қабынуларында,тәннің уыттануына және дене қызуы көтерілуіне әкелетін көптеген жұқпалы аурулар кездерінде,дене ағзаларына өспе дамығанда, кейбір эндокриндік бездердің ауруларында байқалады.Сонымен қатар ми қызметтерінің бұзылыстары,жағымсыз эмоциялар тәбеттің төмендеуін туындатады.Ұзақ уақыт тәбеттің болмауы адамның жүдеуіне,зат алмасуларының бұзылыстарына әкеледі.

3.Бұрмаланған тәбет-парорексия(грек.para-ауытқыған, orexis-тәбет)делінеді.Бұл кезде адам жеуге жарамайтын заттарды(бор,топырақ,көмір т.с.с.)жейді, кейбір есі ауысқан адамдар,тәнінде темірдің тапшылығы бар жүкті әйелдер,жас балалар бор,үйдің әгін жейді.


^ АСҚАЗАНДАҒЫ АС ҚОРЫТЫЛУДЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ


Асқазанда қорытылудың бұзылыстары оның әдеттегі сөл бөлу, қимылдық, сіңірімділік, шығарымдық қызметтері бұзылғанда байқалады.


^ Асқазанның сөл бөлу қызметінің бұзылыстары.

Асқазанда тағам химиялық өңдеуден өтеді. Ол үшін асқазан құрамы күрделі сөл шығарады. Бұны секрециялық қызметі деп атайды. Қарын сөлі құрамында тұз қышқылы, протеолиздік ферменттер, ішкі антианемиялық (Касл) факторы, су, фосфаттар, сүлфаттар, хлоридтер, калий, натрий, кальций және шырыш бар.

Асқазан сөлі үш түрлі бездік жасушалармен (гландулоциттермен) өндіріледі:

1. негізгі гландулоциттер пепсиноген мен химозин;

2. мукоциттер-шырыш;

3. париеталдық (іргелік) гландулоциттер — тұз қышқылын, ішкі антианемиялық факторды өндіреді.

Асқазан сөлінің шығуы нервтік рецепторлардың қозуымен және ас қорыту жолдарының гормондарымен реттелуі бойынша үш сатыда өтеді:

1. нейрогендік (кезбе нерв арқылы),

2. қарындық (гастриндік) және

3. ішектік сатылар.

Қалыпты жағдайда қарын тәулігіне 2 литр шамасында сөл шығарады.

Асқазанның көп сөл бөлуін гиперсекреция, аз сол бөлуін гипосекреция деп атайды. Сөл бөлуінің өзгерістері оның қышқылдығы мен ферменттік белсенділігінің өзгерістерімен қабаттасады. Асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылауьш гиперацидтік жағдай немесе гиперхлоргидрия дейді. Бұл кезде асқазан сөлінің жалпы қышқылдығы 100 титрлік өлшемнен артық болады. Қышқылдықтың азайуын гипоацидтік жағдай немесе гипохлоргидрия, бос тұз қышқылының толық болмауын анацидтік жағдай немесе ахлоргидрия деп атайды.

Асқазан сөлінің қышқылдығы тым көп болса, сөлдің ферменттік қасиеті қатты көтеріліп кетеді. Бұл кезде ұлтабарға асқазаннан түскен тамақ қойыртпасы тым қышқыл болғандықтан онда оны бейтараптауға ұзақ уақыт қажет болады. Сондықтан қарынның пилорустық қысқышы ұзақ мерзім жабық тұрады. Осыдан асқазанда тамақ тұрып қалады да, оның ашуы ұлғайады. Асқазанның қышқыл өнімдері өңешке өтіп, төс астында қыжыл сезіміне, кейде құсуға әкеледі.

Бос тұз қышқылы жоқ асқазанның гипосекрециясы кезінде ас қорытудың қатты бүзылыстары байқалады. Бұл кезде пепсиннің белсенділігі төмен болғандықтан нәруыздардың ыдыратылуы болмайды. Тұз қышқылының аз өндірілуі асқазан жасушаларымен гастриннің өндірілмеуінен болғандықтан асқазанның кардиалдық қысқышы жабылмай, ашық тұрады. Сондықтан жүрек қыжылы, кекіру пайда болады. Тұз қышқылы болмағандықтан асқазанда бактериялардың өсіп-өнуі көбейіп кетеді. Осыдан тағамдық заттардың ашып кетуі, іріп-шіруі ұлғайады. Тағамдық заттар асқазанда ұсталмай, тез үлтабарға ауысады, ұйқы безінің сөлі аз бөлінеді, тағамдық заттар толығынан ыдыратылмай, аш ішекке түсіп, оның перисталтикасын күшейтеді, қатты іш ету байқалады. Осыдан витаминдердің жеткіліксіздігі, дененің сусыздануы, зат алмасуларының бүзылыстары, қан жүйесінде өзгерістер т. с. с. қүбылыстар пайда болады.

Ахлоргидрия жиі ахилиямен қабаттасады. Ахилия деп асқазан сөлінде ферменттердің болмауын айтады. Ахилия атрофиялық гастриттің соңғы сатысында, асқазан обырында, пернициоздық анемия кездерінде байқалады. Сонымен: бірге, дененің уыттанулары кездерінде, бауыр және эндокриндік бездердің ауруларында салдарлық ахилия дамуы мүмкін.


^ Асқазанның қимылдық әрекеттерінің бұзылыстары.

Асқазанның бүл әрекетінің бұзылуы перистальтикасының (грек. peristaltikos — қуыс ағзалардың тегіс еттері жиырылуынан болатын тамақтың қойыртпасын жан-жағынан қоршап, қысып қозғалуы) және еттің тонусының өзгерістерімен, қарыннан тамақты ішектерге ығыстыру бұзылуымен, құсумен көрінеді.

Перистальтиканың ұлғайуы гастрит, асқазанның ойық жара ауруы кездерінде байқалады. Бұл кезде ет талшықтарының кейбір топтарының қатты жиырылулары нәтижесінде асқазанда ауыру сезімі пайда болады.

Әдетте асқазанның қимылдық әрекеті күшейгенде асқазан сөлінің қышқылдығы да ұлғайады. Бұл кезде қышқыл тамақ қарыннан ұлтабарға түсуіне байланысты пилорустың қысқышы ұзақ уақыт жабық болады және асқазаннан тамақтың ұлтабарға ауысуы баяулайды.

Асқазанның қимылдық әрекеті төмендеуі (гипокинез) жиі гастрит кезінде, іш қуысы ағзаларының орнынан төмен ығысуларында (гастроптоз, спланхптоз), жүдегенде және дененің жалпы әлсіздігінде кездеседі. Сонымен бірге тым майлы немесе дәмі нашар тамақ ішу, қорқыныш, қайғы-қасірет, жағымсыз эмоцияларда асқазанның қимылдық әрекеттерін төмендетеді.

Оңеш пен асқазан арасындағы сфинктер (грек. sphinkter — қысқыш) әлсірегенде асқазанның ішіндегі қышқыл заттар өңешке қайтып, төс астында жүрек қыжылы сезіміне әкеледі.

Пилороспазм кезінде асқазаннан тамақтың ұлтабарға ауысуы бұзылуына әкелетін қарынның ауыр қимылдық бұзылыстары байқалады. Бұндай жағдай асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы, кейбір гастриттердің, пилородуодениттің, асқазан полипозы ж. б. іш қуыс ағзаларының дерттері кездерінде болады. Бұл кезде перистальтиканың компенсациялық күшейуі қарынның еттік қабығының гипертрофиясын туындатады. Артынан пилораспазмның нәтижесінде асқазанның ұлтабарға ауысатын жерінде гипертрофиялық тарылу (стеноз) байқалады.


^ АСҚАЗАН МЕН ҰЛТАБАРДЫҢ ОЙЫҚ ЖАРА АУРУЫ

Бұл ауру асқазан мен ұлтабардың шырышты қабықтарында баяу дамитын ақаулардың пайда болуымен сипатталады.

Пептикалық ойық жара көптеген асқынуларға әкелуі мүмкін. Солардың ішінде: ойық жараның жиі қанауы, көрші ағзаларға жарып өтуі (пенетрациясы), тесіліп кетуі (перфорациясы), обыр (рак) ісікке айналуы организм үшін өте қауіпті. Сонымен бірге асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы жиі анемия дамуына әкеледі.

Ұлтабардың ойық жара ауруы асқазанның ойық жарасынан үш есе жиі кездеседі және 35 жасқа дейінгі жастарда болады. Ол «О» қан тобы бар адамдарда, асқазанның ойық жарасы «А» қан тобы бар адамдарда жиірек кездеседі. Асқазанның қышқылдығы біріншісінде қалыпты немесе жоғары деңгейде, екіншісінде — қалыпты немесе төмен деңгейде болады. Helicobacteri gastritis ұлтабардың ойық жарасынан 95-100% жағдайда, асқазанның ойық жарасынан 70% жағдайда табылады.

Этиологиясы. Асқазан мен ұлтабарда ойық жара пайда болуында әртүрлі ауыр зорланулардың (стрестердің, жан-дүниелік күйзелістер, жағымсыз эмоциялардың) маңызы үлкен. Сонымен бірге асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы пайда болуында құрсақ еттерінің әлсіреуінің, тыныс алу кезінде көкеттің аз тербелуінің нәтижесінде асқазан мен ішектердің қанмен қамтамасыз өтілуінің бұзылуына ж. б. құбылыстарға әкелетін қазіргі адамдардың күш-қуат жұмсауы азайуының (гиподинамиясының) маңызы үлкен.

Сонымен бірге бүгінгі күні асқазанның, әсіресе ұлтабардың, ойық жара ауруы пайда болуында Helicobacteri gastritis аталған микробқа маңызды орын беріледі.

Патогенезі. Жағымсыз эмоциялардың ж. б. стрестік жағдайлардың әсерлерінен организмде асқазан селінің шығуы және оның қышқылдығы ұлғайатыны, онда қорғаныстық қызмет атқаратын шырыштың азайатыны көрсетілді. ойық жара ауруының дамуы үшін нәруыздар түзілуінің төмендеуі қажет. Мына жағдайларда:

а) май қышқылдарының тотықтары және глюкокортикоидтық гормондар нәруыздар түзілуін тежейді;

ә) ұзақ гиподинамияның нәтижесінде бұлшық еттердің әлсіреуінен организмде нәруыздар түзілуі азайады.

б) ұзақ гиподинамияның нәтижесінде іш еттерінің тынысқа қатыспауынан, көкеттің тыныс алу кезінде аз тербелуінен асқазан мен ішектерде микроциркуляциялық қанайналымы төмендеуі ықтимал. Сондықтан олардың қоректік заттармен, оттегімен қамтамасыз етілуі бұзылуы, дистрофиялық, деструкциялық өзгерістерге әкелуі мүмкін.

Сайып келгенде, эмоциялық зорланулар ж. б. стрестік жағдайлар қазіргі адамдердың тірлігілігінде кең тараған гиподинамиямен қабаттасып, асқазанның жергілікті регенерациялық мүмкіншіліктері төмендеуіне байланысты асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруына әкелуі мүмкін.

Бұл аурудың даму жолдарында, көрсетілгендерден басқа, жергілікті тіннің төзімділігі төмендеуіне және қорғаныстық тетіктердің жеткіліксіздігіне әкелетін жайттар маңызды орын алады. Бұл жайттарға асқазан сөлінің қышқылдығы мен қорыту қабілетінің көтерілуі, қоректенудің тәуліктік тәртібі сақталмауы, толық шайналмаған қатты тамақ бөлшектерімен немесе тамақпен түскен сүйекпен асқазан мен ұлтабардың жиі жарақаттанулары, тым ыстық тамақпен асқазанның шырышты қабығының күйуі, химиялык, қоздырғыштардың (алкогөл, никотин, өт қышқылы, гистамин, резерпин, салицилаттар, атофан ж. б.) әсерлері, асқазанда қан тамырларының жиырылуынан микроцирку ляцияның бұзылыстары ж. б. жатады. Бұлар жиі қайталанудан асқазанға бүліндіргіш әсер етумен қатар жергілікті қорғаныстық тетіктерді (шырыш шығуы, антиоксиданттардың түзілуі, простагландиндер E1 және Е2 өндірілуі ж. б.) әлсіретеді,

Тамақты қабылдау тәртібі бұзылғанда, жиі ұзақ мерзім аш қарынмен жүргенде, асқазан сөлі қарынның өз жасушаларына бүліндіргіш әсер етуі мүмкін. Асқазанның кілегей қабығын жауып тұратын шырыш үлкен қорғаныстық қызмет атқарады.

Сайын келгенде, ойық жара ауруы дамуы үшін асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылауынан оның өзін-өзі қорыту қабілеті көтерілуімен қатар, осы көрсетілген жергілікті қорғаныстың тетіктердің жеткіліксіздігі болуы қажет.

Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы дамуында асқазанның пилорустық бөлігінің эпителий жасушаларында өсіп-өнетін грамм теріс микробтардың (Helibacteri gastritis) маңызы бар деп есептелінедіБірақ, көрсетіліп отырған микробтардың маңызы тек ұлтабардың, асқазанның пилорустық және антралдық бөліктеріндегі ойық жаралардың пайда болуында маңызды. Ал, асқазанның баска бөліктеріндегі ойық жаралардың дамуында олардың маңызы өте шамалы. Бұл микробтар, сапрофиттер және көптеген адамдарда қалыпты жағдайдың өзінде кездеседі. Олар асқазанның пилорустық бөлігінің шырышты қабығының эпи­телий жасушаларында өсіп-өнеді. Ұлтабардың эпителий жасу­шаларында өсіп-өнбейді. Асқазанның шырышты қабығының, тұз қышқылының әсерінен тек өзгерген (метаплазияға ұшыраған), эпителий жасушаларын бүліндіреді.

^ Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасын емдеу

жолдарының негіздері.

Асқазан сәлінің қышқылдығын төмендету ойық жараның жазылуын тездетеді. Осы мақсатта Н2-гистамин рецепторларының тежегіштері (циметидин, ранитидин, фамотидин және низатидин) қолданылады.

Асқазанның іргелік жасушаларының тұз қышқылын өндіруінде Н+-, К+-АТФаза ферментінің маңызы үлкен. Сондықтан осы ферментті тежейтін дәрі-дәрмектер (омепразол ж. б.) асқазан сөлінің қышқылдығын азайтып, ойық жараыың тез жазылуына әкеледі. Сонымен бірге тұз қышқылының өндірілуін тежейтіп простагландиндердің препараттары (мизопростол), әсіресе ұлтабардың ойық жарасы кезінде жақсы емдік әсер етеді. Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы дамуында Helicobacter! pylori-дің маңызына байланысты бұл дертті кешенді емдеу шараларына антибиотиктер (амокси-циллин, тетрациклин ж. б.) енгізілуі қажет.

Іргелік жасушаларға ацетилхолин мен кезбе нервтің әсерін азайту үшін хирургиялық тәсілмен бұл нервтің жекелеген тармақтарын кесу операциясы (ваготомия) жасалады.



Схожі:

Ас қорыту патофизиологиясы. Ас қорыту бұзылыстары iconАс қорыту патофизиологиясы. Бауыр қызметтерінің бұзылыстары
Бауыр организмде ішкі ортаның тұрақтылығын сақтап тұруға бағытталған көптеген өте маңызды қызметтер атқарады
Ас қорыту патофизиологиясы. Ас қорыту бұзылыстары iconАс қорыту патофизиологиясы. Ішектегі астың сіңірілуінің бұзылыстары
Ожж негізінен ішек сөлінің шығуын тежейді. Ішек сөлі шығуына байланысты ішектерде тағамдық заттардың ыдыратылуы болады. Оларда астың...
Ас қорыту патофизиологиясы. Ас қорыту бұзылыстары iconЗат алмасудың біртектес бұзылыстары. Май алмасуының бұзылыстары
Липидтер – организмнің көптеген биологиялық қызметін атқаратын химиялық классқа жататын органикалық қосындылар. Липидтер глюкозамен...
Ас қорыту патофизиологиясы. Ас қорыту бұзылыстары iconЗат алмасудың біртектес бұзылыстары. Көмірсу алмасуының бұзылыстары.Қант диабеті
Ал, ми жасушалары қызметтерінде энергия тек глюкозамен өндіріледі. Сондықтан қанда глюкозаның деңгейі 3,5-5,5 мМ/л мөлшерінде ұсталып...
Ас қорыту патофизиологиясы. Ас қорыту бұзылыстары iconТақырыбы: Зат алмасудың біртектес бұзылыстары. Ақуыз алмасуының бұзылыстары. Организм тіршілігінде нәруыздардың маңызы өте үлкен.
Организм тіршілігінде нәруыздардың маңызы өте үлкен. Нәруыздардың организмде алмасуының бұзылыстары: олардың түзілуі мен ыдырауы...
Ас қорыту патофизиологиясы. Ас қорыту бұзылыстары iconНерв жүйесі бұзылыстарының этиологиясы
Сол себептен нерв жүйесінің бұзылыстары организмнің осы бейімделу қабілетінің бұзылыстарына әкеледі. Осының нәтижесінде дамитын көптеген...
Ас қорыту патофизиологиясы. Ас қорыту бұзылыстары iconТақырыбы: Жүрек –қан тамыр жүйесінің патофизиологиясы. Жүрек жеткіліксіздігі Қанайналым жүйесінің патофизиологиясы
Осының нәтижесінде ағзалар мен тіндер оттегімен, қоректік заттармен қамтамасыз етілмейді және олардан зат алмасудың соңғы өнімдері...
Ас қорыту патофизиологиясы. Ас қорыту бұзылыстары iconТақырыбы: Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары. Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстарының негізгі түрлері. Перифериялық қан айналымының бұзылыстарының белгілері
Тақырыбы: Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары. Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстарының...
Ас қорыту патофизиологиясы. Ас қорыту бұзылыстары iconТақырыбы: Қан жүйесінің патофизиологиясы. Лейкоцитарлық өрнектің өзгерістері Лейкоцитоз
Көбейген лейкоциттердің түрлеріне қарай нейтрофильдік (нейтрофилез), эозинофильдік (эозинофилия), базофильдік (базофилия), лимфоциттік...
Ас қорыту патофизиологиясы. Ас қорыту бұзылыстары iconОрталық реттеу тетіктерінің бұзылыстары
Бұл жүйелер өзара бірімен-бірі тығыз байланысты. Сондықтан организмнің біртұтас өзін-өзі реттейтін күрделі жүйеге бірігуі нервтік-эндокриндік...
Додайте кнопку на своєму сайті:
Документи


База даних захищена авторським правом ©te.zavantag.com 2000-2017
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації
Документи