Тақырыбы: Қан жүйесінің патофизиологиясы. Анемия туралы түсінік. Анемиялар Анемия icon

Тақырыбы: Қан жүйесінің патофизиологиясы. Анемия туралы түсінік. Анемиялар Анемия




НазваТақырыбы: Қан жүйесінің патофизиологиясы. Анемия туралы түсінік. Анемиялар Анемия
Дата конвертації29.03.2013
Розмір45.2 Kb.
ТипДокументи

Тақырыбы: Қан жүйесінің патофизиологиясы. Анемия туралы түсінік .

Анемиялар

Анемия деп қанның белгілі көлемінде гемоглобиннің және эритроциттердің, жиі олардың сапалық өзгерістерімен қабаттасатын мөлшнрі азаюын айтады. Кейде эритроциттердің саны азаймауы мүмкін (теміртапшылықты анемия,талассемия).

Анемияның себептері: әртүрлі дерттер мен уланулар, қан өндірілуге қажетті заттардың жеткіліксіздігі, сүйек кемігінің гипоплазиясы, эритроциттердің гемолизі, қанкетулер анемия дамуына әкелуі мүмкін.

Анемия кезінде қанның тыныстық қызметінің бұзылуы нәтижесінде оттегінің жеткіліксіздігі дамиды, алқыну, жүрек қағы байқалады. Анемия үдеуінен ауыр гипоксия дамуы өлімнің себебі болады.

^ Анемияны жіктеу негіздері. Түстік көрсеткіші бойынша анемияла гипохромдық (түстік көрсеткіші 0,8-ден төмен), нормохромдық (түстік көрсеткіші 0,8-1,0) гипохромдық (түстік көрсеткіші бірден жоғары) болып бөлінеді. Эритроциттердің орташа диаметрі бойынша анемиялар микроциттік (7,2 мкм кішкене), нормоциттік (7,2-8,0 мкм) және макроциттік (8,1-9,5 мкм) болады. Сүйек кемігі қызметінің анемияға жауап ретінде қалпына келу қабілетіне қарай регенерациялық (сүйек кемігінің қызметі жеткілікті), гипорегенециялық ( сүйек кемінің қызметінің қалпына келуі төмендеген), гипоплпзиялық немесе аплазиялық (сүйек кемігі қызметі тым қатты азайған нмесе жоғалған) анемиялар болады.

^ Этиологиясы бойынша тұқым қуатын және жүре пайда болған анемиялар болған анемиялар деп бөлінеді.

Патогенезі бойынша: 1. Қансыраудан болатын немесе постгеморрагиялық анемиялар; 2. Қан ыдырауы күшеюінен болатын немесе гемолиздік анемиялар; 3. Қан өндірілуі бұзылуынан болатын немесе дизэритропоездік анемиялар болып ажыратылады.


Қансыраудан болатын (постгеморрагиялық) анемиялар

Постгеморрагиялық анемиялар тез және созылмалы қансыраудан дамиды. Соған байланысты қауырт және созылмалы посгеморрагиялық анемиялар болып бөлінеді. Қауырт постгеморрагиялық анемия тамыр жарақатынан көп шөлшерде қансыраудан тез қансыраудан дамиды.

Созылмалы постгеморрагиялық анемия кейбір дерттердің нәтижесінде (асқазан жарасы, жатыр фибромасы, дисменоррия, геморрой ж.б) қан тамырлары бүлінуінен және тромбоциттік – тамырлық, коагуляциялық гемостаздың бұзылуынан болатын жиі қансыраулардан дамиды. Жиі қайталанатын қанкетулер кезінде темір жоғалуы гипохромдық және микроциттік теміртапшылықты анемия дамуына әкеледі. Қаныдырауы күшеюінен болатын (гемолиздік) анемиялар

Гемолиздік анемиялар кезінде эритроциттердің артық ыдырауынан гемоглобиннен пайда болатын билирубин пигменті қанда көбейеді, тіндерге ауысады, сарғыштану пайда болады.

Себептері: эритроциттердің гемолизін химиялық, физикалық, механикалық, биологиялық ықпалдар туындатуы мүмкін. 1. Химиялық ықпалдарға: мышьяк, қорғасын, мыс қосындылары, нитробензол, фенигидразин, хлорамин ж.б жатады. 2. Физикалық және механикалық ықпалдарға: жоғары және төмен температуралардың жасанды жүрек қақпақшалары мен қан тамырлардың әсерлері, ұзақ ауыр марштарда эритроциттердің механикалық бүлінуі ж.б. жатады. 3. Биологиялық ықпалдарға: жылан немесе ара улары, саңырауқұлақ уы, вирустар, кейбір жұқпалы және құрттық аурулар (безгек, сипсис, мерез, туберкулез ж.б.) кездеріндегі эритроцитердің гемолизі және олардың иммундық гемолиздері жатады.

Изоиммундық гемолиздік анемиялар организиге құйылған қанның топтық резустық ж.б. сәйкессіздіктерінде дамиды. Біріншісі (АВО) тобы бойынша сәйкес емес қан құйғанда байқалады. Екіншісі резус- оң нәрестелерде резус теріс аналардың организмінде түзілетін антирезустық антиденелер эритроциттердің гемолиздеріне әкеледі. Сөйтіп жаңа туған нәрестелердің гемолиздік аурулары дамиды.


^ ҚАН ӨНДІРІЛУІ БҰЗЫЛЫСТАРЫНАН БОЛАТЫН ДИЗЭРИТРОПОЭЗДЫҚАНЕМИЯЛАР

Сүйек кемігінде эритроциттердің өндірілуі немесе эритропоэз көптеген жағдайлармен реттелінеді.

Эритроциттердің өндірілуінің бұзылыстары төмендегі жағдайларды болуы мүмкін:

  1. Эритроциттердің өндірілуі реттелуінің бұзылуынан;

  2. Эритроциттердің өндірілуіне қажетті заттардың тапшылығынан;

  3. Сүйек кемігінің гипоплазиясы мен аплазиясынан;

  4. Сүйек кемігі жасушаларынын өспелердің метастазаларымен немесе лейкоз жасушаларымен ығыстырылып қалуынан (метаплазиялық анемия).


^ Эритроциттердің өндірілуі реттелуінің бұзылыстары.

Эритроциттердің өндірілуінің реттелуінің бұзылыстары мына жағдайларда байқалуы мүмкін: а) созылмалы уыттанулар немесе аурулар, (туберкулез, жұқпалы аурулар, қабыну ұрдістері ж. б) кездерінде макрофагтар мен Т- лимфоциттердің белсенділігі төмендеуі байқалатыны белгілі; ә) аденогипофиздің, қалқанша бездің, аталық жыныстық бездің қызметтері төмендегенде; г) бүйрек аурулары және басқа жағдайларда эритропоетиннің аз түзілуінен.

^ Созылмалы қабыну кездеріндегі анемиялар. Қатерлі өспелер, созылмалы қабынулар (остиеомиелит, өкпе іріндігі, туберкулез, пеолонефрит т.б) кездерінде нәтижесінде созылмалы қабыну анемия дамуын туындатады. Осы көрсетілген жағдайларда эритропоездің реттелуі бұзылуынан дизеритропоэздік анемиялар дамиды. Бұл анемиялар гипорогенерациялық, нормациттік немесе макроциттік анемияларға жатады.


^ ТАПШЫЛЫҚТЫ АНЕМИЯЛАР

Эритроциттердің өндірілуіне қажетті заттардың жеткіліксіздігінен анемиялар дамиды. Ал анемиялардың ішіндегі кең тарағандары: а) теміртапшылықты анемиялар; ә) витамин В12-тапшылықты және фолий қышқылы тапшылықты анемиялар; б) нәруызтапшылықты анемиялар организмде нәруыздар түзілуі (ашығу, ас қорыту ағзаларының аурулары, қатерлі ісіктер ж.б) бұзылуынан болады.


^ ТЕМІР ТАПШЫЛЫҚТЫ АНЕМИЯЛАР

Темір тапшылықты анемия- темірдің организмге түсуі мен пайдаланылуы және организмнен сыртқа шығарылуы арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы нәтижесінде организмде оның жеткіліксіздігінен дамитын анемия.

Этиологиясы. Теміртапшылықты анемияның даму себебеі болып мыналар есептеледі:

  1. Қайта-қайта және ұзақ қансыраулардан (жиі жатырдан, кейде ас қорыту ағзаларынан, бүйректен, өкпеден) нәтижесінде эритроциттермен бірге организмнен темір көптеп шығарылуы;

  2. Темірдің тағаммен бірге жеткіліксіз түсуі (балаларды сиыр және ешкі сүттерімен тамақтандырғанда);

  3. Организмнің өсуі, жетілуі кездерінде, әйелдердің жүкті және бала емізу кездерінде темірге артық мұқтаждығы пайда болуы;

  4. Асқорыту ағзаларының аурулары (гипоадті гастрит, созылмалы энтерит) кездерінде немесе олардың бөліктерін хирургиялық тәсілмен алып тастағанда темірдің сіңірілуінің төмендеуі;

  5. Темірдің тасымалдануы бұзылуы (тұқым қуатын антрансферринемия бауыр аурулары кезіндегі гипотрансферринимия);

  6. Темірдің қорларынан жеткіліксіз пайдаланылуы (жұқпалы уыттанулар, құрттар болған кездерде);

  7. Темірдің қорларына жиналуы бұзылуы (гепатиттік бауыр циррозы)



Схожі:

Тақырыбы: Қан жүйесінің патофизиологиясы. Анемия туралы түсінік. Анемиялар Анемия iconТақырыбы: Жүрек –қан тамыр жүйесінің патофизиологиясы. Жүрек жеткіліксіздігі Қанайналым жүйесінің патофизиологиясы
Осының нәтижесінде ағзалар мен тіндер оттегімен, қоректік заттармен қамтамасыз етілмейді және олардан зат алмасудың соңғы өнімдері...
Тақырыбы: Қан жүйесінің патофизиологиясы. Анемия туралы түсінік. Анемиялар Анемия iconТақырыбы: Қан жүйесінің патофизиологиясы. Лейкоцитарлық өрнектің өзгерістері Лейкоцитоз
Көбейген лейкоциттердің түрлеріне қарай нейтрофильдік (нейтрофилез), эозинофильдік (эозинофилия), базофильдік (базофилия), лимфоциттік...
Тақырыбы: Қан жүйесінің патофизиологиясы. Анемия туралы түсінік. Анемиялар Анемия iconТақырыбы: Қан жүйесінің патофизиологиясы. Лейкоз. Лейкоздар
Жер шарында жылына 150 000 адам лейкоздан өледі. Лейкоз қауырт және созылмалы болады. Шеткі қанда лейкоциттердің деңгейіне қарай...
Тақырыбы: Қан жүйесінің патофизиологиясы. Анемия туралы түсінік. Анемиялар Анемия icon6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы
Адам баласының пайда болуы туралы, оларда қандай еңбек құралдары болғаны, олар қалай аталған және тас дәуірінің үшке бөлінгендігі...
Тақырыбы: Қан жүйесінің патофизиологиясы. Анемия туралы түсінік. Анемиялар Анемия iconТақырыбы: Жалпы этиология
Этиология – себеп туралы ғылым (aitia-себеп, logos-ғылым). Медицинада этиология – аурудың себебі, пайда болу жағдайы, дамуы туралы...
Тақырыбы: Қан жүйесінің патофизиологиясы. Анемия туралы түсінік. Анемиялар Анемия iconТақырыбы: Қабыну
Экссудация (лат exsudare терлеу) деп қанның сұйық бөлшектерінің, онда еріген электролиттердің, қан нәруыздары мен жасушаларының тамыр...
Тақырыбы: Қан жүйесінің патофизиологиясы. Анемия туралы түсінік. Анемиялар Анемия iconҚан тамырларының гуморальды реттелуінің бұзылыстары
Адреналин, норадреналин альфа-адренергиялық рецепторларды қоздырып, артериолалардың тарылуына, яғни қан қысымының жоғарылауына әкеледі....
Тақырыбы: Қан жүйесінің патофизиологиясы. Анемия туралы түсінік. Анемиялар Анемия iconСыртқы тыныс алу жүйесінің патофизиологиясы. Алқыну, асфиксия
Сыртқы тыныс алу жетіспеушілігінің белгілері: алқыну немесе ентігу және патологиялық тыныстардың пайда болуы
Тақырыбы: Қан жүйесінің патофизиологиясы. Анемия туралы түсінік. Анемиялар Анемия iconТақырыбы: Жалпы нозология
...
Тақырыбы: Қан жүйесінің патофизиологиясы. Анемия туралы түсінік. Анемиялар Анемия iconТақырыбы: Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары. Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстарының негізгі түрлері. Перифериялық қан айналымының бұзылыстарының белгілері
Тақырыбы: Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары. Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстарының...
Додайте кнопку на своєму сайті:
Документи


База даних захищена авторським правом ©te.zavantag.com 2000-2017
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації
Документи