Бүйрек қызметі бұзылыстарының жалпы этиологиясы icon

Бүйрек қызметі бұзылыстарының жалпы этиологиясы




НазваБүйрек қызметі бұзылыстарының жалпы этиологиясы
Дата конвертації29.03.2013
Розмір38.5 Kb.
ТипДокументи

Тақырыбы: Бүйрек патофизиологиясы .


Адамның еңбекке қабілеттілігі төмендеуіне , мүмкіндігіне және өліміне жиі әкелетін дерттердің бірі болып бүйрек аурулары есептеледі. Бүйрек организімінің ішкі тұрақтылығының сақтауға бағытталған көптеген қызмет атқарылады.

Бүйрек қызметі бұзылыстарының жалпы этиологиясы.

Реналдық себептер бүйрек тініне тікелей бүліндіруші әсер етеді. Олар инфекциялық және бейинфекциялық ықпалдар болып бөлінеді. Бүйрек пен несеп өту жолдарына вирустар, стрептококктар, туберкулез таяқшалары, гонококктар ж.б. микробтар тікелей бүліндіруші әсер етеді. Бейинфекциялар реналдық себептерге химиялық улы өнімдер, ауыр металдар (қорғасын, сынап , уран ж.б.), дәрі –дәрмектер (антибиотиктер , сульфаниламидтер, зәр шығарғыштар ж.б.)аутоиммундық үрдістер (иммундық кешендер, бүйрекке қарсы аутонтиденелер,жендет лимфоциттер, макофагтар), бүйрек қан тамырларында қан қатпарлары мен эмбол тұрып қалуы, бүйректе өспе өсуі, бүйректің беріштенуі т.т. жатады.

Постереналдық себептерге зәр жүретін жолдарының таспен , қуық асты безінің өспесімен т.т. таралып , бітеліп қалуы жатады.

Бүйрек қызметінің жекіліксіздігі несеп өндірілуі мен оның сыртқа шығарылуының бұзылыстарымен көрінеді. Несіп өндірілуі үш түрлі процестердің қатысуымен болады. Біріншісі, нефрон шумактарында қан қылтамырлары арқылы зәрдің сүзілуі (ультрафильтрациясы), екіншісі, бүйрек өзекшелерінде алғашқы зәрден кейбір бөлшектерінің қанға кері сіңірілуі (реабсорбциясы) және үшіншісі, бүйрек өзекшелерінің эпителий жасушалары арқылы кейбір заттардың соңғы зәрге шығарылуы (секрециясы) (32-сурет).

Сол себептен бүйрек қызметінің бұзылысары нейрон шумақтарының , нефрон өзекшелерінің қызметтері бұзылыстарымен , жиі олардың біріккен бұзылыстарымен байқалады.

^ Диурездің бұзылыстары.

Несіптің сыртқы шығарылуы диурез делінеді . Тәулігіне ересек адам 1500мл-дей, 1 жастағы бала 500 мл. 8 жастағы бала 1 л. зәр шығарады. Оны тәуліктік диурез деп атайды. Тәуліктік диурездің өзгерістері:

полиурия (несіп шығарылуының 2-1 литрге дейін азаюы),

олигурия(зәр шығарушыларының 500-600мл-ге дейін азаюы ),

анурия(несіп шығарылуының болуы немесе 50-100мл-ге дейн тым қатты азаюы),

поллакиурия (грек. pollakis- жиі, несіптің жиі шығарылуы),

олакизурия (грек ollakis-сирек , несіптің сирек шығарылуы),

никтурия (грек.nyctos-түн , несіптің түнде көп шығарылуы)деп ажыратылады.


Бүйректің қызметінің толық немесе жартылай тоқтауы – бүйрек жетіспеушілігі деп аталады.

Себептері:

  1. Бүйректің қызметінің жүйкелік және эндокриндік реттелуінің бұзылыстары.

  2. Бүйректің қан айналымының бұзылыстары.

  3. Бүйректің инфекциялық аурулары.

  4. Бүйректің аутоаллергиялық зақымдануы.

  5. Несептің бөлінуінің бұзылыстары (бүйрек тасының пайда болуы, несеп түтікшесінің қысылуы).

  6. Ауыр өтетін инфекциялық аурулар және интоксикациялардың бүйректі зақымдауы.

  7. Бүйректің іштен туылған ақаулары (гипоплазия, поликистоз).

  8. Түтікшелердің ферменттік жүйесінің тұқым қуалаушылық ақаулары (Фанкони синдромы).



Түтікшелер реабсорбциясының бұзылыстары.


  1. Глюкоза реабсорбциясының бұзылыстары. Қалыпты жағдайда глюкоза проксимальды түтікшелерде толық қанға сіңеді. Шумақты фильтраттағы және қандағы глюкоза мөлшері көп болғанда глюкоза несеп арқылы бөлініп, глюкозурия дамиды (диабет, алиментарлы гипергликемия).

  2. Ақуыздың реабсорбциясының бұзылыстары – протеинурия бүйректің қанайналымы жетіспеушілігінде (гипертоникалық ауру), проксимальды түтікшелердің жетекші зақымдануында, ферменттер жетіспеушілігінде, бүйрек лимфаайналымы бұзылғанда дамиды.

  3. Аминқышқылдарының реабсорбциясының бұзылыстары – аминоацидурия түтікше аппаратының зақымдануында, ақуыз ыдырауының жоғарлауында, көлемді күйіктерде дамиды.

  4. Na реабсорбциясының бұзылыстары – альдостерон жетіспеушілігінде дамиды. Хлор, бикарбонаттар және судың реабсорбциясы қатар жүреді. Осмотикалық гемостаздың, қышқылдың сілтілік тұрақтылығы мен су балансының бұзылуымен айқындалады.

  5. Су реабсорбциясының бұзылыстары түтікше сұйықтығында суды тартатын осмотикалық белсенді заттар бар болғанда дамиды. Сонымен қатар су алмасуы АДТ реттеледі.


^ Диурез және несеп құрамының бұзылыстары.

Полиурия – зәр мөлшерінің қалыпты жағдайдан көп болуы. АДТ мөлшері азайғанда, қант диабетінде, қалқанша безінің гиперфункциясында байқалады.

^ Олугия, анурия – несептің азаюы, тоқтауы АДТ көбейгенде, қалқанша безі гипофункциясында рефлекторлы болуы мүмкін.

Гиперстенурия несептің тығыздығының жоғарлауы (қ.ж. 1,010-1,028). Жедел диффузды гломерулонефриттерде.

Гипостенурия несептің тығыздығының төмендеуі түтікше аппараты зақымдануында дамиды (созылмалы гломерулонефрит).

Изостенурия тығыздықтың тәулік бойы тұрақты төмен болуы түтікше эпителийлерінің деструкциясы кезінде дамиды (бүйрек қызметінің ауыр түрде жетіспеушілігі).


^ Бүйрек ауруларындағы несепте пайда болатын патологиялық заттар.

  1. Гематурия - әр несепте п.б. (гломерулонефрит, қуық ісігі, тасы).

  2. Протеинурия – ақуыздың несеппен бөлінуі (шумақтардың ақуызға өткізгіштігінің артуы).

  3. Лейкоцитурия – несепте п.б. пиелонефритте. Пиурия – несеппен ірің бөліну.

  4. Цилиндрурия – түтікшелердің дистрофиясы қабыну процесінде.

  5. Тұздар тунбасы – уратар, оксалаттар, фосфаттар бүйрек тасы ауруында.

  6. Глюкоза- қантты диабетте пайда болады.

  7. Өт пигменттері-гепатитте болады.



Схожі:

Бүйрек қызметі бұзылыстарының жалпы этиологиясы iconНерв жүйесі бұзылыстарының этиологиясы
Сол себептен нерв жүйесінің бұзылыстары организмнің осы бейімделу қабілетінің бұзылыстарына әкеледі. Осының нәтижесінде дамитын көптеген...
Бүйрек қызметі бұзылыстарының жалпы этиологиясы iconСу мен электролиттер алмасуы бұзылыстарының ТҮрлері, себептері және механизмдері
Натрий иондары қанның осмостық қысымын көтеріп, гипоталамустың осмостық рецепторларын қоздырады. Осыдан гипоталамустың супраоптикалық...
Бүйрек қызметі бұзылыстарының жалпы этиологиясы iconТақырыбы: Жалпы нозология
...
Бүйрек қызметі бұзылыстарының жалпы этиологиясы iconТақырыбы: Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары. Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстарының негізгі түрлері. Перифериялық қан айналымының бұзылыстарының белгілері
Тақырыбы: Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары. Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстарының...
Бүйрек қызметі бұзылыстарының жалпы этиологиясы iconСыныбы: 5 Күні, айы, жылы
Білімділік: оқушыларға қазақ тілінің қоғамдық қызметі мен маңызын нақты деректер келтіре отырып түсіндіру
Бүйрек қызметі бұзылыстарының жалпы этиологиясы iconЛат inflammatio, грек phlogosis көптеген аурулардың даму негізінде жатады
Бірақ қабыну басқа біртектес дерттік үрдістермен (дене қызуымен, аллергиямен, стреспен, иммундық серпілістермен) тығыз байланысты...
Бүйрек қызметі бұзылыстарының жалпы этиологиясы iconТақырыбы: Жалпы этиология
Этиология – себеп туралы ғылым (aitia-себеп, logos-ғылым). Медицинада этиология – аурудың себебі, пайда болу жағдайы, дамуы туралы...
Бүйрек қызметі бұзылыстарының жалпы этиологиясы iconҚазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі №35 жалпы орта білім беру мектебі Қазақ әдебиетінде өзіндік айтулы із қалдырған белгілі жазушымыз Ғабиден Мұстафин: «Ең ұзақ сөйлемнің де соңынан қойылатын нуктесі бар»
Азақ тілі мен әдебиет пәні бойынша оқушыларды біріңҒай ұлттық тестілеуге дайындаудың тиімді жолдары
Додайте кнопку на своєму сайті:
Документи


База даних захищена авторським правом ©te.zavantag.com 2000-2017
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації
Документи