6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы icon

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы




Скачати 41.63 Kb.
Назва6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы
Дата конвертації08.01.2013
Розмір41.63 Kb.
ТипДокументи

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §1.Алғашқы адамдардың пайда болуы

Сабақтың мақсаты:

  • Адам баласының пайда болуы туралы, оларда қандай еңбек құралдары болғаны, олар қалай аталған және тас дәуірінің үшке бөлінгендігі туралы түсінік беру

  • Оқушылардың білімдерін дамыту

  • Отансүйгіштік рухта тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі:Баяндау

Көрнекілік: суреттер, карта

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. 6-сыныптың Ежелгі Қазақстан тарихы пәні нені оқытады?

  2. Ерекшелігі?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Адам баласының шығуы.

  2. Алғашқы адамдардың кәсібі

  3. Алғашқы адамдардың Қазақстандағы іздері

  • Ғалымдар алғашқы адамды «епті адам» деп атайды. «Епті адам» Африкада Кения жеріндегі Олдувай шатқалында табылған. Ол осыдан 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген.

  • Еңбек құралдарын, тас өңдеу техникасын , бұйымдардың жетілдірілуін зерттеген археологтар тас дәуірін үш кезеңге бөледі. Палеолит-ежелгі тас ғасыры, мезолит-орта тас ғасыры және неолит-жаңа тас ғасыры. Бұл үш кезеңнің әрқайсысының өзінен бұрынғыдан неғұрлым жетілдіріле жасалған еңбек құралдарымен ерекшеленеді.

Сабақты бекіту:

  1. Алғашқы адамдар еңбек құралдарын неден жасады?

  2. «Саналы адам» қашан қалыптасты?

  3. Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар кімдердің замандастары еді?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §1. Алғашқы адамның жаратылысы туралы өз ойларын қағаз бетіне түсіру.


6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §2. Алғашқы адамдар өмірі. Еңбек құралдарының жетілуі

Сабақтың мақсаты:

  • Алғашқы адамдардың еңбек құралдарды жетілдіруі, мұз басып, отты пайдалануы туралы айта отырып, белсенді білімді, Отанын сүйетін патриот тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: Баяндау

Көрнекілік: карта, суреттер

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Адамзат балсаының пайда болуы туралы әңгімеле

  2. «Палеолит», «Мезолит», «Неолит» дәуірлеріне түсініктеме бер

  3. Алғашқы адамдар қалай аталған?

ІІІ.Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Еңбек құралдары

  • Орта тас ғасыры мезолитте-шамамен б.з.б. 12-5 мың жыл бұрын олар пайдалануға ыңғайлы қалыпқа түсе бастады.

  1. Отты пайдалану

  • Бұдан 100 мыңнан 13 мың жылға дейін жердің бетін мұз басып жатты.

  1. Жердің сууы

Суреттермен жұмыс:

  • Үшкір тас құралдар

  • Тастан жасалған еңбек құралдары: шапқы, қырғыш, кескіштер

  • Алғашқы адамдар баспанасы

ІҮ.Сабақты бекіту:

  • Адамдар дәнүккішті қай кезеңде ойлап тапты?

  • Мұздық қашан ери бастады?

Ү.Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:

§2. Оқулықта берілген суреттерге қарап адамның алғышқы еңбек құралдары туралы әңгімелеп келу


6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §3. Тас дәуірі

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақстан аумағындағы тас дәуірі туралы, ол кездегі еңбек құралдары, тас дәуірінде өмір сүрген адамдарды қалай атады, осы туралы баяндау

  • Рулық қауымның шығуы туралы айта отырып, оқушылардың белсенділігін арттыру, еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: суреттер

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Адамның еңбек құралдары қалай өзгерді?

  • Адамдар отты неге пайдаланған, оның қандай пайдасы болды деп ойлайсыңдар?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Қазақстан аумағындағы тас дәуірі

Адамзат қоғамындағы ең ұзақ палеолит дәуірі ерте және кейінгі тас ғасыры болып екі кезеңге бөлінді. Ерте тас ғасыры б.з.б. 2 миллион 500 мың жылдан 40-35 мың жылға дейінгі уақытты қамтыды. Кейінгі тас ғасырының хронологиялық ауқымы-б.з.б. 40-12 мың жыл аралығы. Кейде адамдар ерте және кейінгі кейінгі тас ғасырының аралығңында ортаңғы тас ғасыры болғандығын айтады. Оның мерзімі шамамен б.з.б. 100-40 мың жыл аралығы деп есептелінеді.

  1. «Саналы адам».

Жүздеген ұрпақтың қажырлы еңбегінің нәтижесінде бұдан 40-30 мың жыл бұрын «епті адам» «саналы адамға» айналды. Адамның жетілуінде еңбек шешуші рөл атқарды. Адам еңбек арқылы жетіліп, оның қолы, сөзі миы дамыды. /Атеистер ілімі бойынша/

«Саналы адам» сүйегі алғаш рет Францияның Кро-Маньон үңгірінен табылған. Сондықтан саналы адамды кроманьондық деп атайды.

  1. Рулық қауымның шығуы

Адамдар тобы бірте-бірте туысқандардың ұжымына-рулық қауымға айналды. Бұл шамамен «саналы адамның»шығуына сәйкес келеді.

Бірнеше ру бірігіп, шаруашылық мәселелерін бірлесіп шешті. Мұндай рулық бірлесулерді басқаратын көсемдер сайланды.


Сабақты бекіту:

  • Палеолит заманының ескерткіштері Қазақстанның қай жерінен табылған?

  • Палеолит дәуірінің Қазақстандағы тұрақтары туралы не білесің?

  • «Адамды адам еткен еңбек» дегенмен келісесің бе? Неге?

  • Ру дегеніміз не?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §3. Шығармашылық тапсырма: Жердің беті күрт суып,қыс ұзаққа созылды. Жылы ауа райына үйренген бірқатар жануарлар қырылды. Тірі қалғандары жылы жаққа ауып кетті. Алғашқы адамдар суықтан қалай аман қалды? Олар суықтан қалай қорғанды?






Схожі:

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы icon6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
«Ежелгі дүние тарихы» пәнінің атқаратын рөлі мен маңызы турала айта отырып, ежелгі Египет, Оңтүстік-Батыс Азия, Үндістан, Қытай елдерінің...
6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы iconИсмурзин жәнібек аллаярұлы батырұлы Қайып хан және оның әулетінің тарихы
Жұмыс М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақстан Республикасының тарихы кафедрасында орындалды
6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы iconҚазақстандағы халық санағының тарихы туралы мәліметтер
Бізге жеткен мәліметтер бойынша халықты есепке алу, осыдан төрт мың жылдан артық уақыт бұрын өткізілген Қытайға қатысты. Ежелгі Египетте,...
6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы iconКіріспе
Тарау. ҚАзақстан республикасының Ұлттық банкінің Қалыптасуы, маңызы мен қызметтері
6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы iconҚазақстан республикасының конституциясы
Республикалық референдум нәтижесі жарияланған күні, яғни 1995 жылғы 5 қыркүйекте күшіне енді
6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы icon7 сынып Сабақ тақырыбы
Сабақ тақырыбы: Терезелер. Терезе элементтері. Шиыру жолақтары. Сұр түсті командалар
6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы iconАбдрахманов сауытбек өлең аудармасының теориясы мен поэтикасы
Диссертация Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М. О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының...
Додайте кнопку на своєму сайті:
Документи


База даних захищена авторським правом ©te.zavantag.com 2000-2017
При копіюванні матеріалу обов'язкове зазначення активного посилання відкритою для індексації.
звернутися до адміністрації
Документи